«Оқу сәті»


Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Оқу сәті» атты мерзімді басылымдар күні өтті.
Оқырмандарға балалар газеттері мен журналдары көрсетілді. Екі күн бойы “Әлемдегі барлық қызықты оқиғалар туралы, журнал мен газеттен біл” атты шолулар өткізілді.
Мерзімді басылымдардан балаларға әртүрлі жұмбақтар, жаңылтпаштар, ребустар, зейінді тесттер ұсынылды.
Соңында кітапханашылар орталық кітапхананың балалар бөліміне жиі келуге шақырды.

Updated: Желтоқсан 5, 2019 — 5:34 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған