Month: Маусым 2022

«Сиқырлы сандық»

«Сиқырлы сандық» үйірмесі аясында орталық балалар кітапханасының қабырғасында «Волк ябедник», «Как аукнется, так и откликнется» және «Ит өзіне қалай дос іздеді?» атты ертегілері қуыршақ театры арқылы сахналанып көрсетілді. Қойылымға №6 арнайы мектебінің «Балдәурен» мектеп жанындағы алаңның оқушылары, мүгедек балалар мен әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Балалар жасынан таныс ертегілерді зор қызығушылықпен тамашалады. Қойылымды тамашалап болған соң, ертегі […]

«Кітапхана әлемін тамашалау»

ОҚК балалар бөлімінің қызметкерлері Абай атындағы №2 ЖОМ-нің 1-3 сынып оқушыларына «Кітапхана әлемін тамашалау» тақырыбында саяхат ұйымдастырды. Саяхат барысында кітапханашы балаларды кітапхананың қорымен, жазылу тәртібімен, жалпы ережелерімен таныстыра келе, кітапхана қорларын қорғауды қамтамасыздандыратын штрихкодтау жүйесі жайлы әңгімелеп берді Балалар жылына орай ұйымдастырылған «Балалыққа кітаппен барар жол» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапхана ордасына саяхатқа келген […]

«Табиғаттың өзі емші»

Орталық балалар кітапханасы №21 ЖОМ-нің жазғы лагерь балаларының қатысуымен «Табиғаттың өзі емші» атты пайдалы кеңестер сағаты болып өтті. Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №21 мектептің оқушылары, ұстаздар, кітапханашылар қатысты. Іс-шара басында оқушылар дәрілік өсімдіктер туралы […]

«Мультфильм елінен келген пойыз»

Орталық балалар кітапханасында «Мультфильм елінен келген пойыз» атты мультимедиялық әдеби сағат болып өтті. Балалардың шығармашылық және танымдық белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №35 орта мектеп оқушылары қатысты. Библиограф С.Ж.Тұрсынханова балаларды пойызбен мультфильмдер еліне саяхат жасауға шақырып, балалармен «Мультяшково» станциясына сапарға аттанды. Мұнда саяхатшылардың назарына сюжеттері сүйікті мультфильмдеріне негіз болған кітаптар ұсынылды. Викторинаның сұрақтарына жауап берген […]

Балаларды қорғау күні!

«Оқымпаз балалық шақ» серіктестік жобасы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Атамұра» мәдениет орталығында «Шуақты жаздың кітап эстафетасы!» атты PR-акциясын ұйымдастырды.

Халықаралық балаларды қорғау күнімен!

Қымбатты балақайлар! Сіздерді 1– ші маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Елдің ертеңгі болашағы – сіздер! Әрқашанда аспандарың ашық, дендерің сау, бақытты балалық шақ және тамаша жазғы демалыс тілейміз! Қадірменді ата – аналар балаларыңызбен бірге қуаныш-шаттыққа кенеле беріңіздер!