«Жанұя кафесі» клубы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері 15 мамыр – Дүниежүзілік отбасы күніне орай «Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге орталық балалар кітапханасының тұрақты оқырмандары Сағындық Айзере әжесі Сүлейменова Айымгүлмен, Жасқайрат Толғанай әжесі Нұргүлмен, Күлбизекова Томирис анасы Күлбизекова Галинамен қатысты. Дөңгелек үстел М.О.Әуезовтың «Бала ата-ананың тағылымымен өседі» деген қанатты сөзімен басталды. […]