Орталық балалар кітапханасында «Полиглот» интеллектуалды ойыны болып өтті. Балғын балалардың сөздік қорын кеңейту, тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №24 мектеп-гимназиясы жанындағы «Күншуақ» лагерінің балалары қатысты. Ойын үш тілде өтті. Балалар «Гүлдер» және «Tigers» болып екі топқа бөлінді. Балалар мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды орыс тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен ағылшын тіліне еш қиындықсыз мүдірмей […]
Month: Маусым 2023
«Про того, кто научил Винни-Пуха говорить по-русски»
Орталық балалар кітапханасында №13 ЖОМ бен №7 мектеп-гимназиясы оқушыларының қатысуымен «Про того, кто научил Винни-Пуха говорить по-русски» тақырыбында библиография күні болып өтті. Библиограф С.Тұрсынханова жазушының өмірбаяны мен шығармашылық жолын, сондай-ақ оның өмірінен қызықты деректер келтіре отырып баяндап берді. Іс-шара «По страницам книг Бориса Заходера» буктрейлерін тамашалаумен жалғасты. Балалар сұрақтарға жауап беріп, әсем әуендердің үзінділері бойынша […]
Қуыршақ қойылымы
Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері қуыршықтарға жан бітіріп «Волшебный цветок» және «Ақымақ мысық» атты қуыршақ қойылымын өткізді. Қойылымды «Жас дарын» дамыту орталығының балалары мен №22 ЖОМ оқушылары тамашалады. Балалар қойылымнан жағымды әсер алып, дән риза болды. Балалар ұзақ қол соғып, қошемет көрсетті. Балғын балалар қуыршақ қойылымын тағыда келіп тамашалауға ниет білдірді. Кітапхана ұжымы кітапхана есігі әрдайым […]
«Әке-шаңырақтың негізгі тірегі»
Орталық балалар кітапханасында №22 гимназия-мектебі оқушыларының қатысуымен Әкелер күнін мерекелеу аясында «Әке-шаңырақтың негізгі тірегі» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Шара басында кітапханашы Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі жаңа мерекемен, яғни Әкелер күні мерекесімен толығып, Қазақстанда бұл күн жақында аталып өтіле бастағанын айтып, балаларға шағын ақпарат беріп өтті. Балалар әкелеріне мінездеме беріп, демалыс күндері отбасымен қалай өткізетіні […]
«Крестики, нолики»
Орталық балаларкітапханасының қызметкерлері №10 мектеп жанындағы «Ашық әлем» жазғы лагерініңбалаларымен «Крестики, нолики» атты интелектуалды ойын өткізді. Шара барысындабалалар екі командаға бөлініп, бар күштерін ойынға салып, белсене қатысты.Балалардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын айқындау мақсатында логикалықсұрақтар қойылып, түрлі тапсырмалар берілді. Балалар өз білімдерін көрсетіп, барлық сұрақтарға толық жауап берді.Сондай-ақ, балалардың кітаптарды қаншалықты жақсы оқығанын білу үшін де […]
«Қазақтың ұлттық киімдері»
Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Қазақтың ұлттық киімдері» тақырыбында тарихи шолу жүргізді. Аталмыш шараға Екібастұз қалалық мешітінде Құран әліппесімен танысып, әдеп және имандылық дәрістерін сусындап жүрген «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының балалары қатысты. Шара барысында кітапханашы қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болмағанын айтып, қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр […]
«Жеті – қасиетті сан»
Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №26 гимназия мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы лагерінің балалары арасында «Жеті – қасиетті сан» атауымен сайыс өткізді. Шараның алдына қойған мақсаты – жеті санының маңызы мен қасиетін ашу, жеті саны ұғымына байланысты түсініктер мен қағидаларды дәріптеу, халық дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Сайыс сұрақ – жауап, жеті ғашық, әлемнің жеті кереметі, сөзжұмбақ сияқты төрт […]
«Бірге жүріп қызықтаймыз»
Орталық балалар кітапханасында Н.Носов 115 жылдығына және В.Драгунскидің 110 жылдығына орай «Бірге жүріп қызықтаймыз» атауымен жайдарман болып өтті. Бұл шараға №6 мектеп лицейі жанындағы «Атмосфера» жазғы лагерінің балалары қатысты. Шара барысында кітапханашы балаларға осы жазушылардың ең қызықты шығармалары және көпшілікке танымал кейіпкерлері туралы айтып берді. Шара бірқатар тапсырмалардан тұрды: «В.Драгунскийдің әңгімелері бойынша ми шынықтыру», «Блиц-тест», […]
«Мультфильмдер елі»
Орталық балалар кітапханасында «Жас дарын» дамыту орталығының балаларына арналған «Мультфильмдер елі» атты кинолекторий шарасы болып өтті. алдымен балалар мультипликацияның жасалу тарихымен танысып, одан әрі өздерінің сүйікті мультфильмдері мен кейіпкерлері туралы әңгімеледі. Кітапханашы бар елге танымал болған мультфильм кейіпкерлері туралы айтып, «Не? Қайда? Қашан?», «Негештер шайқасы», «Білгірлер марафоны», «Атын толтыр» сияқты бірнеше кезеңнен тұратын викторина өткізді. […]
«Кітаби жаздың сиқыры»
Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №13 мектеп жанындағы «Қиял жүзіндегі желкендер» жазғы лагерінің оқушыларына арнап «Кітаби жаздың сиқыры» ойын бағдарламасын өткізді. Атаулы шара барысында ертегілер бойынша әртүрлі жұмбақтар ойластырылып, ертегілер бойынша түрлі сөзжұмбақтар шешті. Балалар «Эмоционалды жұмбақ сөз» ойынында балғын балалар өздерінің қаншалықты эмоционалды, ал «Ұяшыққа дөп түсіру» ойынында өздерінің ептіліктерін барынша көрсете білді. Сондай-ақ, «Мен […]