Day: Маусым 12, 2024

«Знатоки сказок»

Жазғы демалыс уақытында балалар оқу орталығының қызметкерлері №24 мектеп-гимназиясының «Жазленд» және №6 мектеп-лицейінің «Морская лагуна» жазғы лагерь балаларының қатысуымен «Знатоки сказок» тақырыбында квест-викторина шарасын өткізді. Балалар ертегілер бойынша квест-викториналарға жауап берді. Түрлі көңілді минуткалар өткізіп, балалардың бойларын сергітіп, көңіл-күйлерін көтерді. Шара соңында «Алдар Көсе» мультфильмін тамашалады. Балалар үшін «Ертегілер елінде» атты кітап көрме ұйымдастырылды.

«Ертегілер еліне саяхат»

Жазғы демалыс күндері аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері «Жас дарын» репетиторлық орталығы балаларының қатысуымен «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында викториналық ойын шарасын өткізді. Шара барысында балалар таңғажайып және сиқырлы ертегілер әлеміне аттанып, «Ертегі кейіпкерін танып біл», «Кейіпкерлердің есімі», «Ертегі атауы», «Сұрақ -жауап» сынды тапсырмаларды орындап, түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, балалар өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін […]