«Ертегілер еліне саяхат»

Жазғы демалыс күндері аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері «Жас дарын» репетиторлық орталығы балаларының қатысуымен «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында викториналық ойын шарасын өткізді.
Шара барысында балалар таңғажайып және сиқырлы ертегілер әлеміне аттанып, «Ертегі кейіпкерін танып біл», «Кейіпкерлердің есімі», «Ертегі атауы», «Сұрақ -жауап» сынды тапсырмаларды орындап, түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, балалар өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін ақ қағаз бетіне түсіріп, «Простоквашино» мультфильмін тамашалады.

Updated: Маусым 12, 2024 — 3:52 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған