Күзгі демалыстық уақытты пайдалана отырып Орталық балалар кітапханасына №25 қазақ қыздар гимназиясының 1-ші сынып оқушылары келді. Кітапханашы балаларды жылы мейірімен қарсы алып, кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады. Оқушыларды кітап, журналдармен, кітапхананың тәртібімен таныстырды. Балалар үлкен ынта-жігермен, әдемі көркемделген кітаптарға назар аударды. Экскурсия соңында «Балақай мен Карлсон» мультфильмін қызықтады.
Category: Басты
“Ғажайыптар елі”
Ақын, балалар кітаптарының авторы И.Токмакованың туғанына 90 жыл толуына орай №8 «Теремок» балабақшасының «Балдырған» тобымен «Дауыстап оқитын тыңдаушы» клубы аясында Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері “Ғажайыптар елі” атты дауыстап оқу өткізді. Дауыстап оқу барысында кітапханашы Г.Сарымова ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстыра отырып, әдебиетке келуіне себеп болған ұлы ақын А. С. Пушкиннің өлеңдері арқау болғанын айтып […]
Мастер-класс
Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған “Шебер саусақтар”атты креативті қолөнер үйірмесінің мастер-классы өтті. Бұл жолы қыздар сәндік доп жасады. Әлеуметтік қызметкерлер балаларға түрлі түсті жіптерден бөлменің интерьері үшін ерекше әшекейлер жасау жолдарын көрсетті. Заттарды бисермен, ленталармен безендіріп, үйірме мүшелері сұлулығымен, жеңілдігімен және ерекшелігімен қуантта білді. Шара соңында кітапханашы Т.Ракишева балаларды жаңа басылымдармен […]
«Кітап әрдайым қонақтарға қуанышты!»
Орталық қалалық кітапхананың балалар бөліміне «Кітап әрдайым қонақтарға қуанышты!» атты саяхатқа №24 «Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушілері келді. Кітапханашы Хохлова Т.Ю. балаларды қазақ және орыс тілдеріндегі әдемі көркемделген, түрлі-түсті бояулы кітаптармен: дыбыстық, экрандық кітаптармен, «Балаларға базарлық», «Волшебная книга», «Планета сказок» сериясымен шыққан, басылым журналдармен таныстырылды. Балалар экскурсия соңында ОҚК оқу залымен танысып, мульфильм тамашалады.
«Жырлайды жүрек»
Қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні. Осыған орай № 4 балалар бөлімінің (Солнечный кенті) кітапханашылары мүмкіндігі шектеулі балаларға «Жырлайды жүрек» атты сазды кеш өткізді. Шара барысында балалар өздерін жан-жақты, өнерлі екендерін көрсете білді. Әсем ән, ырғақты би, сурет салып, өлең оқыды. Содан соң балалар кітапханаға саяхат жасап, жаңа әдебиеттермен танысты. Кеш соңында естелік суретке түсіп, […]
«Кітаппен дос боламыз, кітапханаға келеміз»
№ 6 мектеп-гимназиясының 4 «в» сынып оқушылары Орталық балалар кітапханасына қонаққа келді. Балаларды қызықтыру үшін кітапханада тек кітаптар ғана емес, сонымен қатар түрлі-түсті үстел ойындары мен балаларға арналған журналдар ұсынылды. Кітапханашы Г. Сембаева «Біз Пушкинді бала кезден білеміз» атты әдеби викторина ұйымдастырды.Оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, ертегі кейіпкерлері жайлы айтып берді. Экскурсия жас оқырмандарға үлкен […]
«Тәжірибе мен эксперименттер әлеміне саяхат».
Орталық балалар кітапханасында мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың көмекшілері үшін “Тәжірибе және эксперименттер әлеміне саяхат” мерекесі өтті. Сиқыршы (әлеуметтік қорғау қызметкері О. Н. Авдиенко) барлықтарын эксперименттер мен фокустарға қатысуға шақырды. Бірінші фокуста балалар гуаштың көмегімен түссіз суды түрлі-түсті суға айналдырды. Екінші тәжірибеде акварельді бояу мен шам арқылы сурет салынды. Үшінші фокуста жәй доп, гелі допқа […]
«Кітап қалашығында қонақта»
Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде №16 “Балдәурен” балабақшасының тәрбиеленушілеріне арнап «Кітап қалашығында қонақта» атты экскурсия ұйымдастырылды. Жас оқырмандарды қарсы алған кітапханашы, балаларға арналған басылым журналдармен, кітапхана ережелерімен таныстыра отырып, дыбысты, көркемсуретті, көлемді кітаптарға шолу жасады. Экскурсия соңында балалар ОҚК оқу залымен танысып, “Винни Пух идет в гости”, “Нехочуха” мультфильмдерін тамашалады. Кішкентай оқырмандарымыз уақыттарын танымды және […]
«Балалар әдебиетінің көрнекті өкілі»
Ақын М. Жаманбалинов атамыздың туғанына 95 жыл толуына орай ОБК және Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімі бірігіп «Балалар әдебиетінің көрнекті ақыны» атты оқуларын өткізді. Шараға №26 мектептің оқушылары шақырылды. Шара басында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстырылып, «Мүбәрак атамыздың фотосуреттері» атты бейнебаяның ұсынды. Содан соң ақының «Туған жерге жетпейді», «Жаңбыр», «Көлде», «Алма ағашы», «Күж жалмауыз […]
«Пайеткалардан жапсыру»
Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға “Дарынды саусақтар” креативті қолөнер үйірме аясында «Пайеткалардан жапсыру» атты шеберлік-сынып өткізілді. Әлеуметтік қызметкерлер балаларға түрлі түсті қағаздармен жапсыру жасау жолдарын көрсетті. Шара соңында кітапханашы Т. Ракишева үйірме мүшелерін кітапханың жаңа басылымдарымен таныстырды.