Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға “Дарынды саусақтар” креативті қолөнер үйірме аясында «Тоқымалы кілем» атты шеберлік-сынып өткізілді. Әлеуметтік қызметкерлер Т.В. Кихай, Б.Н. Курумбаева, Р.З. Самсенова қыздарға өз қолдарымен түрлі-түсті жіптен жұмсақ кілемше жасау жолдарын көрсетті. Шара соңында, қатысушыларды қолөнер бойынша тақырыптық әдебиеттермен таныстырды.
Category: Басты
«Нұр-Сұлтан – елдің мерейі»
№4 балалар кітапханасында (Солнечный к.) астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай “Нұр-Сұлтан – елдің мерейі” атты танымдық сағат өткізілді. Шараға № 16 мектептің жанындағы «Ашық әлем» жазғы лагерьінің оқушылары қатысты. Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы жайлы тарихи мәліметтер беріліп, қаланың көрікті жерлері туралы бейнеролик ұсынылды. Балалар қызықты сұрақтардан тұратын викторинаға қатыстып, “Нұр-Сұлтан – елдің мерейі” кітап […]
“Нұр-Сұлтан-шуақты арман қала»
Орталық қалалық кітапхананың балалар бөліміңде астанамыздың туған күніне орай “Нұр-Сұлтан -шуақты арман қала» атты бейне саяхат ұйымдастырды. Іс-шараға №10 орта мектептің жанындағы «Солнышко» лагерьінің балалары шақырылды. Қатысушылар астанамыздың тарихымен, ең әдемі, көрікті жерлерімен танысып, “Менің елімнің басты қаласы” атты викторинасына белсене қатысты. Арнайы дайындалған “Туған күніңмен, Нұр-сұлтан!” атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді.
«Кітаппен достықта»
Жаз – бұл бақытты күнмен жақсы көңіл-күй мезгілі! Жазды жаңа жаңалықтарсыз және қызықты кітаптарсыз елестету мүмкін емес! №10 мектеп жанынан ашылған «Даулет» лагерьінің оқушылары Орталық балалар кітапханасына саяхатқа келді. Шара барысында балаларға кітапханаға саяхат жасап, кітапхана ережелерімен, кітап оқу ережесімен таныстырды. Кітаптың алғашқы шуғу тарихынан мағлұматтар айтып өтті. Содан соң, оқушылар кітап туралы мақал-мәтелдер айтып, […]
«Ертегі әлемі шақырады»
Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері №24 мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы “Радуга” лагерьінің балаларына халық ертегілеріне арналған «Ертегі әлемі шақырады» атты әдеби марафон өткізді. Шара барысында балалар ойындар ойнап, қазақ, орыс және шетел халық ертегілерінен тұратын викториналық сұрақтарға, жұмбақтарға жауап берді. Іс шараның сонында кітап көрмесіне шолу жасалды.
«Ғажайыптың аты – кітап»
№ 4 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен № 16 мектеп жанындағы жазғы лагерьінің оқушыларына арналған «Ғажайыптың аты – кітап» әдеби компас өткізілді. Шара барысында мақал-мәтелдер айтылып, жұмбақтар шешіліп, «Кітап қалашығына» ойын саяхат жасауымен жалғасын тапты. Балалар ойынға үлкен қызығушылықпен қатысты. Іс шараның сонында кітап көрмесіне шолу жасалды.
«Көңілді жаз»
Орталық балалар кітапханасында № 5 мектеп жанындағы “Эрудит” лагерь балаларының қатысуымен «Көңілді жаз» атты байқау бағдарламасы өткізілді. Байқау бағдарламасы 5 кезеңнен тұрды. Барлық кезеңдер жаз тақырыбына арналды. Одан кейін балалар жаз туралы бейнеролик, мультфильмдер тамашалады.
«Ертегілер еліне саяхат»
Орталық балалар кітапханасында №26 мектептің «Ғажайып әлем» жазғы лагерьдің балаларының қатысуымен «Ертегілер еліне саяхат» атты мультсалон өткізілді. Библиограф Е.А. Қасенова балаларды кітапханамен таныстырып, ережелерін түсіндіріп өтті. Мультсалон саяхаты «Ертегілер әлемі» әнімен ашылды. Балалар, ертегілер еліне саяхат жасап, жасырынған ертегілерді жылдам, шапшаң табуға тырысты, өздерінің көп оқитындарын білдірді. Соңында «Темір және Айдаһар», «Қошқар мен Теке» атты […]
«Тастардың білгірі – Қосым»
Орталық қалалық балалар бөлімінің қызметкерлері қалалық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп әйгілі кентанушы Қ.Пшенбаевтың 175 жылдығына орай ескерткіші жанында тарихи круиз ұйымдастырды. Шараға Екібастұз ардагерлер кеңесінің өкілдері, «Next» ұрпағының оқушылары, «Жас өлкетанушы» үйірме жетекшісі қатысты. Шара барысында музей қызметкері Қ. Пішенбаевтың өмірі, еліне сіңірген еңбегі туралы қысқаша баяндап өтті. Қосым Пішенбаев тапқан көмірді игеру нәтижесінде Екібастұздай әсем […]
«Шатырдағы шоу»
Орталық балалар кітапханасында №5 мектеп жазғы демалыс «Балдәурен» легерьінің оқушыларымен «Шатырдағы шоу» ойын бағдарламасы өткізілді. Шара қызықты басталды. Балалар ертегі кейіпкерлерін танып, әдеби сұрақ-жауаптарға, мысал мен жұмбақ шешуіне қатысты. Белсенді қатысқандар тәтті сыйлықтарға ие болды.