Жазғы демалыс күндері аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері №26 мектеп-гимназиясының «Балдәурен» және №2 ЖОМ-нің «Алтын балалық шақ» лагері балаларының қатысуымен «Ас – адамның арқауы» іс-шарасын өткізді. Іс-шара басталмас бұрын кітапханашы балаларды кітапханамен, кітапханаға жазылу тәртібімен таныстырып өтті. Шара барысында қатысушыларға уақытылы тамақтанудың маңызы, астың пайдасы мен зияны жайында айтылды. Қатысушылар екі топқа бөлініп, пайдалы және зиянды тағамдардың тізімін жарыса жазды. Шара өте тартымды да қызықты өтті.