Жазғы демалыс күндері аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері №26 мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдәурен» лагері балаларының қатысуымен «Математика ізімен» тақырыбында математикалық турнир ұйымдастырды.
Математикалық турнир 4 кезеңнен тұрды: 1. Арифметикалық жұмбақтар 2. Кім тапқыр? 3. Кім жылдам? 4. Криптограмма. Іс-шара бағдарламасы өте қызықты бір сарынды емес, балалар берілген сұрақтарға белсене жауап беріп, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Сондай-ақ, балалардың назарына «Математика – ғылымдардың патшайымы» атты кітап көрме ұсынылды.