«Бақытты бал дәурен, балалық шақ»
Жыл сайын 1 маусым күні әлемнің әр түкпіріндеБалаларды қорғау күні аталып өтеді. Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері ОҚК балалар бөлімінің ұжымыменберлесіп «Шахтер» қалалық саябақта 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты бал дәурен, балалық шақ» аттыPR-акция ұйымдастырды. Ашық аспан аясында ұйымдастырылған PR-акцияның басты мақсаты – жас оқырмандарды рухани азық көзі – кітап әлеміментаныстыру, балаларды көркем әдебиет оқуға шақыру, кітапқа дегенқызығушылығын арттыру, адам өміріндегікітаптың алар орны ерекше екенін түсіндеру. Түрлі-түсті көздің жауын алатын кітаптарға толы «Бар әлем балалар кітабында» атауымен кеңейтілген кітап көрме саябақтың қақ ортасынан орын алды. Көрмеде ертегілер, қызықты әңгімелер,техника мен табиғат туралы әдебиеттер, шытырман оқиғалы қысқа әңгімелер,балалар детективтері және кішкентай оқырмандарға арналған ойыншық кітаптарұсынылды. Көрмеге қойылған кітаптар балғын балалардың назарын аударып, баурапалды. Кітапхана қызметкерлері ертегілер кейіпкерлеріне айналып, қаланың жас және ересек тұрғындарынакітапхананың мекенжайы жазылған визиткаларды табыс етті.