«Кітаби жаздың сиқыры»


Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №13 мектеп жанындағы «Қиял жүзіндегі желкендер» жазғы лагерінің оқушыларына арнап «Кітаби жаздың сиқыры» ойын бағдарламасын өткізді.
Атаулы шара барысында ертегілер бойынша әртүрлі жұмбақтар ойластырылып, ертегілер бойынша түрлі сөзжұмбақтар шешті. Балалар «Эмоционалды жұмбақ сөз» ойынында балғын балалар өздерінің қаншалықты эмоционалды, ал «Ұяшыққа дөп түсіру» ойынында өздерінің ептіліктерін барынша көрсете білді. Сондай-ақ, «Мен кіммін?», «Twister» атты үстел ойындарына белсене қатысты. Шара соңында балаларды «Бала және кітап», «Бүкіл әлем балалар кітаптарында» атты кітап көрмелерімен таныстырды. Шара соңында естелікке фотоға түсті.

Updated: Маусым 5, 2023 — 5:45 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған