«Үй жануарлары және оның төлдері»

«Дауысты кітап» клубы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №20 балабақша бүлдіршіндеріне «Үй жануарлары және оның төлдері» атты дауыстап оқу шарасын өткізді.
Аталмыш шара бүлдіршіндерді мұқият тыңдауға үйрету, олардың кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында «Сиыр мен теке», «Ақылды лақ», «Сымбатты сиыр жайлы хикая» атты ертегілері оқылды. Бүлдіршіндер үй жануарларының төлдерін атап, қайсысы қандай дыбыс шығаратынын жарыса айтты. Сондай-ақ, бүлдіршіндер түрлі түсті кітаптарды парақтап, жануарлар еліне саяхат жасағандай күй кешіп, таңқалыстарын жасыра алмады. Шара тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмені тамашалаумен өз мәресіне жетті.

Updated: Сәуір 25, 2023 — 3:37 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған