«Ғажайып кітаптар ғажайып балаларға»


Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №6 мектеп-лицейінің оқушыларына арнап «Ғажайып кітаптар ғажайып балаларға» атауымен экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында жас оқырмандар кітапхана бөлімдерінің ерекшеліктерімен, кітап қорымен танысып, кітапхананы пайдалану ерекшеліктері жайында ақпарат берді. Сондай-ақ балалар кітап көрмелердегі әдебиеттермен танысты. Балғын балалардың назарына ең қызықты ертегілер, танымдық әдебиеттер, сонымен қатар балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедиялар ұсынылды. Өткізілген шара оларды қатты кызықтырып, үлкен әсер қалдырып, көптеген балалар қызықты кітап әлеміне қайта келіп тұруға ниеттерін білдірді.

Updated: Қыркүйек 22, 2023 — 4:20 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған