«Менің күрес құралым – қаламым»
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебі оқушыларының қатысуымен «Менің күрес құралым – қаламым» атты әдеби-танымдық сағат өткізді.
Іс-шара басында ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен «Бір ел – бір кітап» акциясы, сондай-ақ бұл акцияның басты мақсаты жайлы қысқаша ақпарат берілді. Кітапханашы биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылғандығы туралы айтып, жазушының өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, Төлен Әбдіктің «Оң қол», «Көрші» әңгімелерінің мазмұнын тілге тиек етіп, «Оң қол» фильмінен үзінді көрсетті. Оқушылар «Оң қол» шығармасы туралы өз ойларымен бөлісіп, қызығушылық танытты. Шара соңында тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмемен таныстырып, көрмеге шолу жүргізілді.