«Қыз – еркем, өнерімен көркем»


Орталық балалар кітапханасының қызметкері 8 наурыз –Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Қыз – еркем, өнерімен көркем» аттысайыс өткізді. Сайысқа №6 гимназиямектебінің оқушылары қатысты.
Шара оқушылардың рухани адамгершілік, тұлғалықабілеттерін дамыту, қыз балаларды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатындаұйымдастырылды.

Сайыс 5 бөлімнентұрды:
«Сәлем – сөздіңатасы» яғни өз – өзін таныстыру. (өзін таныстыру)
«Кім тапқыр?» сайысы
«Сезімтал жүректі жандар» (әр түрлі сезімді көрсету ).
«Ертегі әлемінде» (ертегілердің атауын табу).
«Құттықтау» (ерекше құттықтау сөздерін дайындау).

Сайыс барысында қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, ертегілердітауып, жұмбақтардың шешімін тапты. Белсене қатысқандары үшін дипломдартабысталып, сыйлықтар берілді.
Шара соңында «Арулар-асыл жандар» атты кітап көрмесінебиблиографиялық шолу жасалды.

Updated: Наурыз 3, 2023 — 9:51 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған