«Өлең кернеп барады жүрегімді»
Балалар кітабы апталығының ашылуы аясында орталық балаларкітапханасының қызметкерлері Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың100 жылдығына орай «Өлең кернеп барады жүрегімді» атты әдеби-сазды кеш өткізді.Іс-шараға 25 қазақ қыздар гимназиясының оқушылары қатысты.
Кеш барысында жүргізуші жазушының өмірі меншығармашылығына тоқталып, қаламгердің берген сұхбатынан үзінді көрсетті.
Оқушылар хормен М.Әлімбаевтың сөзіне жазылған «Мұғалім олбіздің» атты өлеңін әсерлі орындауымен қауымды ерекше тәнті етсе, бұл әсерді«Атамұра» мәдениет үйінің қызметкері А. Болатқан шеберлікпен жалғап, М.Әлімбаевтың сөзіне жазылған «Маралдым»,«Ақмаңдайлым» әндерін шырқады. Сондай-ақ оқушылар қаламгердің «Көк орманда»,«Досым және мен», «Борасын», «Жеңе алам ба?», «Қандай қымбат», «Наурыз мейрамы»атты өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды, демек кеш қатысушылары поэзияға тәнбелгісіз жұмбақ күш пен сезімнің сан алуан түрлі рақатына бөлену мүмкіндігінеие болды.
Әдеби-сазды кеш соңында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі»атты кітап көрмеге шолу жасалды.