Космос!

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері Ғарышкерлер күніне орай жаңа кітаптармен таныстыру күнін өткізді. Іс-шараға №21 ЖОМ-нің 5-сынып оқушылары қатысты. Әсіресе, күн тақырыбына сай «Космос» балалар энциклопедиясына ерекше ден қойылды. Балаларға арналған ғарыш туралы энциклопедия күн жүйесі, ғаламшарлар, галактикалар, ғарыш объектілері, ғарышкерлер және т.б. сияқты негізгі ұғымдармен танысуға мүмкіндік береді. Бала болашақта ғарышкер болмаса да, бұл оның ой-өрісін арттыру үшін пайдалы болатыны сөзсіз.

Updated: Сәуір 12, 2023 — 5:46 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған