Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері балалардың жолда жүру ережесі мен жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру масқатында «Жол ұқыпты да сүйкімді балғын балаларды шексіз сүйеді» тақырыбында библиофорсаж өткізді. Бұл шараға №7 мектеп-гимназиясы мен №10 мектеп жанындағы жазғы лагерь балалары қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар екі командаға бөлінді. Әр топ ойыншыларының жол қозғалысы ережелерін білу деңгейін анықтау мақсатында сұрақтар қойылып, жұмбақтар жасырылды. Сонымен қатар, «Зигзаг жолы», «Трамвай» ойындары өткізілді. Балалар барлық тапсырмаларды орындап, белсенділік танытты. Шара соңында кітапханашы балаларды тақырыпқа сай жасақталған «Қауіпсіздік әліппесі» атты кітап көрмемен таныстырды.