«Полиглот»


Орталық балалар кітапханасында «Полиглот» интеллектуалды ойыны болып өтті. Балғын балалардың сөздік қорын кеңейту, тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №24 мектеп-гимназиясы жанындағы «Күншуақ» лагерінің балалары қатысты. Ойын үш тілде өтті. Балалар «Гүлдер» және «Tigers» болып екі топқа бөлінді. Балалар мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды орыс тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен ағылшын тіліне еш қиындықсыз мүдірмей аударды. Балалар үш тілде тапсырмалар орындап, өз ойларын үш тілде жеткізе білуге тырысты. Шара соңында балалар назарына «Сөздік тілдің құпиясын ашады» атты кітап көрме ұсынылды.

Updated: Маусым 20, 2023 — 4:58 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған