«Душа зверя»

[gallery type=”rectangular” ids=”4412,4415,4414,4416,4413″
Биыл қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтың «Серый Лютый» шығармасына 95 жыл. Осы орайда «Оқы, Талқыла, Суретте» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері №10 ЖОМ оқушыларының қатысуымен «Душа зверя» атты мерейтойлық кітап күнін өткізді.
Шара барысында кітапханашы балаларға жазушысы М.Әуезовтың өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беріп өтті. Сондай-ақ, жазушының «Серый Лютый» әңгімесінің мазмұны, кейіпкерлері жайлы, шығарманың негізгі ойы туралы әңгімелеп, басқа әдеби шығармаларда адамның қасқырмен өзара әрекеттесуінің мысалдары келтірілген, мысалы: Б. Воробьевтың «Весьегонская волчица», Д. Лондонның «Белый Клык», «Зов предков», Э. Сетон-Томпсонның «Лобо» әдеби шығармаларымен таныстырып өтті. Одан әрі қатысушылар «Серый Лютый» шығарма бойынша түрлі сұрақтарға жауап берді. Шара соңында кітапханашы балаларды тақырыпқа сай жасақталған «Әдеби мерейгерлер күнтізбесі: Мұхтар Әуезов «Көксерек – 95 жыл» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Updated: Қыркүйек 25, 2024 — 12:52 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған