«Танымалдық шеруі»

Балалар оқу орталығының қызметкерлері қаламыздағы балалар көркемсурет мектеп қабырғасында «Танымалдық шеруі» тақырыбында ақпарат күнін өткізді. Бұл шараға Ә.Қастеевтің 120 жылдығына, Б.А.Төлегенованың 95 жылдығына, Ә.Өмірзақованың 105 жылдығына орайластырылды.
Іс-шара барысында кітапханашы мерейгерлердің туған жерлері, қиындыққа толы өмір жолы, жастайынан оқуға құштарлығы, еңбектері жайында толық ақпарат беріп, видеороликтер жинағын көрсетті.
Балалардың назарына шараға арнайы жасақталған «Танымалдық шеруі» атты кітап көрме ұсынылды. Көрмеде Ә.Қастеев, Б.Төлегенова, Ә.Өмірзақова туралы кітаптар мен суретші Ә.Қастеевтің бейнесі ұсынылды.

Updated: Қазан 10, 2024 — 10:48 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған