Кітапханаға саяхат!
Сәуір айында №10 ЖОМ, №25 қазақ қыздар гимназиясының оқушылары, сондай-ақ №5 және 25 балабақшаның мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері балалар оқу орталығына ат басын тіреп, кітапхана тынысымен танысып қайтты.
Кітапханашылар балаларды кітапхананың жұмыс тәртібімен, кітапханаға жазылу ережелерімен таныстырып, кітап қоры мен мерзімді басылымдарға да тоқталып өтті. Сондай-ақ балалар түрлі тақырыптық конкурстар, әдеби викториналар мен қызықты ойындарға қатысып, ертегілер әлеміне саяхат жасады.