Белгілі жазушы, халық қаһарманы Б. Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай балалар оқу орталығының қызметкерлері №26 гимназия-мектебінің оқушыларына арнап «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы» атты әдеби кейс шарасын өткізді.
Кітапханашы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігі, өнегелі істерін насихаттай отырып, Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, Б.Момышұлының ерлігін болашақ ұрпаққа үлгі ету мақсатында батырдың өмірімен, шығармашылығымен таныстырып өтті.
№26 гимназия-мектебінің кітапханасында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеге Б.Момышұлының кітаптары және фотоальбом жинағы қойылды.