«Дені сау болғың келсе, спортсаған көмектесуге дайын!»

Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында орталық балаларкітапханасының қызметкерлері Екібастұзқаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы балаларының қатысуымен «Дені сау болғың келсе, спортсаған көмектесуге дайын!» атты баскет-шоу өткізді.
Шара барысында кітапханашы баскетболдың шығу тарихы жайлыбаяндап өтті. Одан әрі шара «Сақинағасалу», «Баскетбол викторинасы», «Өткел», «Соқыр баскетболшы», «Иә немесе жоқ»сынды түрлі сайыстар мен ойындарға қатысып, «Баскетбол викторинасы» ойынындабаскетбол және спорт туралы жұмбақтар шешті. Қатысушылар тапсырмалардықызығушылықпен, белсенділікпен орындады. Қызықты тапсырмаларды орындаған сайын балалардың ынта-жігері оданәрі арта түсті. Сондай-ақ, «Сау бол, жүз жаса!» кітап көрмесіне шолу жасалды.Шара соңында кітапханашы балаларға денсаулық мықты болу үшін спортты серік етіп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Updated: Сәуір 6, 2023 — 5:05 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған