«Футбол: детская энциклопедия»

Балалар оқу орталығының қызметкерлері 19 маусым – Халықаралық балалар футболы күніне орай №10 ЖОМ жанындағы «Жалын» лагерь балаларының қатысуымен «Футбол: детская энциклопедия» Book Time шарасын өткізді.
Шара барысында спорттық мерекенің пайда болу тарихы, оның ішінде Қазақстан мен Екібастұз қалаларындағы балалар футболының дамуы, үздік заманауи және аңызға айналған әлемдік футболшылар туралы ақпараттар берілді. Қатысушылар күн тақырыбына сай «Футбол» балалар энциклопедиясымен танысып, тақырыптық жұмбақтар байқауына қатысты. Одан әрі «Футбол туралы не білесіз?» «Епті футболшы», «Ең төзімді» атты қозғалмалы ойындарын ойнады. Шара соңында балалардың назарына «Кітап сөресіндегі футбол» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Updated: Маусым 20, 2024 — 1:03 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған