«Жасыл парақтар»

Жазғы демалыс күндері аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері №25 қазақ қыздар гимназиясының «Кәусар бұлақ» және М.Ж.Көпейұлы атындағы Екібастұз ғылым мектебінің «Ғылым» лагерь балаларына «Жасыл парақтар» тақырыбында зияткерлік ойын өткізді.
Аталмыш шараға «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Іс-шара басталмас бұрын кітапханашы балаларды кітапханамен, кітапханаға жазылу тәртібімен таныстырып өтті. Зияткерлік ойын екі тілде өткізілді. Ойын барысында балалар табиғат туралы сөзжұмбақтар шешіп, берілген сұрақтарға белсене жауап берді. Шара соңы «Табиғатты аялайық» мультфильмін тамашалаумен аяқталды.

Updated: Маусым 20, 2024 — 1:12 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған