Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай балалар оқу орталығының қызметкерлері №23 ЖОМ оқушыларының қатысуымен «Государственный Флаг, Герб, Гимн – знак чести мира и надежды» атты тарих күнін өткізді. Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ел тәуелсіздігінің басты нышандары болып табылатын Ту, Елтаңба және Әнұранның мән-мағынасын терең түсіндіру, отансүйгіштік пен патриоттық сезім қалыптастыру. Іс-шара барысында кітапхана қызметкері қатысушыларды ҚР Мемлекеттік рәміздерінің тарихымен таныстырып, оқушылардың назарына рәміздер туралы презентация ұсынды. Презентацияны тамашалап болған соң, балалармен шағын викторина өткізілді. Одан әрі жырдан шашу шашылып, «Мой Герб» өлеңі оқылды. Шара соңында барлық қатысушылар Мемлекеттік Әнұранды бірге орындап, жүректері елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілікке толы болды. Көрнекі құрал ретінде «Мемлекеттік рәміздер – Ел мәртебесі» атты кітап көрме жасақталды.