Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Қазақтың ұлттық киімдері» тақырыбында тарихи шолу жүргізді. Аталмыш шараға Екібастұз қалалық мешітінде Құран әліппесімен танысып, әдеп және имандылық дәрістерін сусындап жүрген «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының балалары қатысты.
Шара барысында кітапханашы қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болмағанын айтып, қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерімен таныстырып, кейбіреулеріне жеке-жеке тоқталып өтті. Атап айтсақ, қазақтың ұлттық бас киімдері мен сырт киімдеріне ерекше ден қойылды. Балалар ұлттық киімдердің, аяқ киім мен бас киімдердің ерекше стилі мен безендірілуі туралы көптеген пайдалы да қызықты мағлұмат алды. Кітапханашы балаларды «Ұлттық өнер – ұлттық киім» атауымен безендірілген кітап көрмемен таныстырып, көрмеге шолу жүргізді. Сондай-ақ, көрме ұлттық нақыштағы киімдермен және бас киімдермен де толықтырылды. Шара соңында кітапханашы балаларға ұлттық нақыштағы киімдеріміз мен әшекейлерімізді заманауи талғамға сай етіп үйлестіріп киіп жүруге шақырды. Ұлттық дәстүрімізді, салт – санамызды, киімімізді бүгінгі жастарға насихаттау – бұл игі іс.