Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №26 гимназия мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы лагерінің балалары арасында «Жеті – қасиетті сан» атауымен сайыс өткізді.
Шараның алдына қойған мақсаты – жеті санының маңызы мен қасиетін ашу, жеті саны ұғымына байланысты түсініктер мен қағидаларды дәріптеу, халық дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сайыс сұрақ – жауап, жеті ғашық, әлемнің жеті кереметі, сөзжұмбақ сияқты төрт кезеңнен тұрды. Екі топтың шапшаңдылығы мен біліктілігін анықтау мақсатында балаларға түрлі тапсырмалар берілді. Сұрақ жауап кезеңінде жеті санына байланысты сұрақтар қойылды. Одан әрі балалар тақта бетінде адасып жүрген ғашықтардың сыңарларын тауып орналастырды. Келесі жеті әлемнің кереметі кезеңінде балалар тақтаға ілінген суреттердің атауларын жарыса айтты. Одан әрі сөзжұмбақ шешті. Балалар барлық сұрақтарға жарыса жауап беріп, сайысқа белсене қатысты. Сайыс өте көңілді де әділ өтті. Сайыс қорытындысына сай достық жеңіске жетті.