«Дауысты кітап» клубы

Өскелең ұрпақтыңбілім жолын ашып, олардың заман талабына сай білімді ұрпақ болуына көптегенбілім ошақтары бар. Соның бірі орталық балалар кітапханасының қызметкерлері«Дауысты кітап» клубы аясында №24 балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымендауыстап оқу шарасын өткізді. Шараның алдына қойған мақсаты – бүлдіршіндердікітап оқуға баулып, кітап оқуға тарту, сондай-ақ олардың кітап оқубелсенділігін арттыру. Кітапханашы «Арыстан, қасқыр һәм түлкі», «Түлкі менқұмыра», «Кім күшті?» ертегілерін дауыстап оқыды. Аталмыш шараға арнайы түрліқызықты ертегілерге, көздің жауын алар түрлі түсті кітаптарға толы кітап көрмеұйымдастырылды. Жас балғын балалар көрмедегі кітаптарды парақтап көріп,таңқалыстарын жасырмады.

Updated: Ақпан 29, 2024 — 3:48 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған