«Бірінші сынып оқушыларын оқырмандар қатарына қабылдау»

Бүгін балалар оқу орталығында Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығының ашылуы аясында №10 ЖОМ-нің 1-сынып оқушыларына арналған «Бірінші сынып оқушыларын оқырмандар қатарына қабылдау» дәстүрлі іс-шарасы болып өтті. Іс-шара ойын түрінде өтті. Балақайлар кітап мен білімді өздеріне серік етіп, көптеген сынақтардан өтті. Шара барысында болашақ оқырмандар ғажайып ертегілердің авторларын тауып, жасырылған жұмбақтарды шешіп, ертегілердің кейіпкерлері жайлы түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, балғын балалар «Кітап нені ұнатады?» ойынына қатасып, кітапханадағы тәртіп ережелерімен танысты.
Балалар өздерінің тамаша білімдерін көрсетіп, тәтті сыйлықтарға ие болды. Шараның ең бір маңызды сәтіне де кез келді. Яғни, балалар салтанатты түрде «Оқырман антын» қабылдап, кітапты пайдалану ережелері мен кітапхананың мекенжайы жазылған оқырманның түрлі түсті буклетін сыйға алды. Аталмыш шараға арнайы түрлі жанрдағы, сондай-ақ көздің жауын алар түрлі түсті кітаптарға толы «Кітап шашу» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Шара соңында кітапханашы кітапхана ішіне саяхат жасатты. Балаларға кітапхана ұнады. Сондай -ақ оқушылар аталмыш шарадан жағымды әсер алды.

Updated: Наурыз 20, 2024 — 11:46 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған