«Қылқалам ұшындағы кітап: сурет өнеріндегі оқымпаз балалардың бейнесі»
Орталық балалар кітапханасында С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің 4-сынып оқушыларының қатысуымен «Қылқалам ұшындағы кітап: сурет өнеріндегі оқымпаз балалардың бейнесі» тақырыбында ақпараттық күні болып өтті.
Шара барысында балаларға суретші, кескіндемеші жайында толық мағлұмат берілді. Сондай-ақ библиограф балаларды классикалық дәуірдегі кескіндеме шеберлерінің және қазіргі суретшілердің шығармаларымен таныстырды. Іс-шара қызықты бейнероликті тамашалаумен жалғасын тапты. Шара соңында балалар өз қиялындағы оқымпаз балалардың бейнесін ақ қағаз бетіне түсірді.