«Қыстап қалатын құстар»


Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Екібастұз қаласының «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Қыстап қалатын құстар» атты құстар күні шарасын өткізді.
Шараның алдына қойған мақсаты – тәрбиеленушілерге жергілікті жерде мекендейтін құстар туралы мағлұмат беру, оның ішінде қыстап қалатын құстар туралы түсінік беру, құстарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Шара барысында оқушыларды қыста қалатын құстардың түрлерімен таныстырып, балалар кітапханашы ұсынған керекті заттармен құстарға жем салатын астау мен құстарға жылы әрі қолайлы болатындай етіп ұя жасады. Балалар қиялдарына ерік беріп, жасаған заттарын әшекейлеп безендірді. Іс-шара соңында барлығы далаға шығып, құстарға арналған ұялар мен жем салатын астауларды ағаштарға іліп, ішіне жем салды. Балғын балалар өздерінің игілікті істеріне дән риза болып, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарқасты.

Updated: Қаңтар 29, 2024 — 11:15 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған