«Кітап – білім бұлағы»

Балалар жылы аясында Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Б. Баймухамбетовамен бірлесіп 35 мектеп-гимназиясының 2 «А» және 4 «А» сынып оқушыларына «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында экскурсия өткізді. Балалар іс-шараға С.Ольшанская, К.Ф.Мельник және С.Н. Семенова сынды ұстаздарымен қатысты.
Ж.К. Бектасова және Т.Е. Рақышева «Балалыққа кітаппен барар жол» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Оқушылардың назарына түрлі жанрдағы және тақырыптағы жаңа кітаптар ұсынылды.
А.Б. Баймұхамбетова кітап көрмеге шолу жасап, балаларды кітапхананы пайдалану ережелерімен, кітапханаға жазылу тәртібімен және т.б. таныстырды.

Updated: Ақпан 25, 2022 — 4:06 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған