«Алтын қордан ән тыңдайық»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың 100 жылдығына орай облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей – интернатының оқушыларының қатысуымен «Алтын қордан ән тыңдайық» атты ақпараттық сағат болып өтті.
Іс –шара барысында кітапханашы Г.Сағындыкова күміскөмей әнші, халық қаһарманы, «Тарлан» сыйлығының иегері Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығы, өнердегі қоғамда алған орны, сондай-ақ аты аңызға айналған, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген қазақтың әнші қызы жайлы таныстырып, бейнебаян ұсынды. Сондай-ақ әншінің репертуарынан «Ах, Самара городок», «Ақ маңдайым», «Іңкәрім – ай» атты өлеңдері тыңдалды.
Шара соңында «Қазақтың күміскөмей әншісі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Updated: Ақпан 22, 2022 — 12:41 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған