«Сұлулық – бұл денсаулық»


Орталық балалар кітапхана қабырғасында Дүниежүзілік сұлулық күніне орай «Сұлулық – бұл денсаулық» тақырыбында косметолог, өз ісінің шебері Р.Р.Акчибаевамен кездесу болып өтті. Кездесу барысында терінің барлық түрлеріне дұрыс күтім жасау, жасөспірім кезіндегі безеумен күресу және табиғи сұлулықты қалай дұрыс сақтау сынды өзекті мәселелер төңірегінде əңгіме өрбіді. Сондай-ақ косметолог барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, қазіргі уақытта заманауи косметологтардың қандай емдік шараларын қолданатындығы жайында баяндап, косметологияның соңғы жаңалықтарынан хабардар етті. Сондай – ақ, сұлулық шебері жасөспірімдерге жылына бір рет косметолог-дерматологқа барып тексеріліп отыруына кеңес беріп, жасөспірімдердің бет терісіне қалай дұрыс күту жасау керектігі жөнінде пайдалы кеңестермен бөлісіп, барлық қатысушыларды спортпен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Updated: Қыркүйек 15, 2022 — 11:05 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған