«Супер ана, супер бала»


7 қыркүйек күні «Жанұя кафесі» аясында орталық балалар кітапхана қабырғасында отбасы күніне арналған «Супер ана, супер бала» атты сайыс болып өтті. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау, ата – аналарды кітапхана өміріне қатыстыру, олардың арасында достық қарым – қатынас орнату мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Акильбековтар, Турсунхановтар, Данибаевтар отбасы қатысты. Аталмыш сайыс 6 бөлімнен тұрды. Бұл сайыста әр отбасы өздерінің өнерлерін ортаға салып, белсенділік танытты. Сайыс өте тартысты да қызықты өтті. Кітапхана ұжымы ата-аналар мен балалардың өнеріне тәнті болып, шараға қатысқан әр отбасына алғыстарын білдірді. Іс-шара тәтті жайылған дастархан басына жайғасумен жалғасын тапты. Дастархан басында қатысушылар сайыстан алған әсерлерімен бөлісті. Іс-шара соңында күн тәртібіне сай жасақталған «Отбасымызбен оқимыз» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Updated: Қыркүйек 8, 2022 — 10:01 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған