«Айналадағы әлеммен танысу»


Орталық балалар кітапханасының ұжымы жаратылыстану ғылымдарын насихаттау мақсатында «Айналадағы әлеммен танысу» атты экологиялық ассорти өткізді. Балаларға «Табиғат» дегеніміз не? «Экология» деген сөз нені білдіреді? Және т.б. ұғымдарға толық мағлұмат беріліп, балаларды жастайынан табиғатқа қамқорлық жасап, айналадағы барлық тіршілік иелерін қорғауға үндеді.
Іс-шара «Шағым кітабы» сайысымен басталды. Кітапханашы белгілі бір жануардың шағымын оқиды, ал балалар болса, сол шағымды жазған жануарды табу қажет. Іс-шара бір сарынды емес, бақалайларды зеріктіріп алмас үшін, түрлі қызықты бағдарламаларға толы болды. Балақайлар табиғат туралы сұрақтарға тұшымды жауап берді. Мысалы: «Басқаға бер», «Егер мен орманға бара қалсам» және т.б. қимылды ойындар ойнатылды. Сондай-ақ, «Бала және жер» атты экологиялық мультфильмін тамашалады.
Іс-шара «Кітап-біздің ең жақын досымыз!» атты кітап көрмесіне шолу жасаумен өз мәресіне жетті. Аталмыш кітап көрмеден табиғат, жануарлар мен өсімдіктер туралы көркем және ғылыми әдебиеттер орын алды.

Updated: Маусым 3, 2021 — 5:34 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған