«Халықтың рухы рәміздерде»


Екібастұз ОҚК балалар қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ж.Қ.Бектасова 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің күніне орай «Халықтың рухы рәміздерде» атты онлайн форматта ойын-викторина дайындады. Кітапхананың оқырмандары белсене ат салысып, онлайн форматта мына сұрақтарға жауап берді.
1. Қазақстан Республикасының рәміздері қандай? жауап: Әділет Житенов
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторын білесің бе? жауап: Іңкәр Әнес
3. Елтаңбаның авторлары кімдер? жауап: Ақерке Егынтай
4. Қазақстан Республикасының Әнұранының әнін жазған кім? жауап: Ақбота Муттахиден
5. Мемлекеттік Әнұранның сөзін жазған кімдер? жауап: Бағжан Телтай
6. Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл? жауап: Бақдәулет Муттахиден
Сонымен қатар, осы шараға байланысты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Тақырыптық сөреге «Туыңды көтер», «Менің Қазақстаным», «Мәңгілік ел – Қазақстан» және т.б. кітаптар қойылды.

Updated: Маусым 3, 2021 — 3:04 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған