«Менің үйім. Менің тағдырым. Менің Қазақстан»
“Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ-нің балалары мен ұстаздарына Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімшесінің кітапханашысы Т. Е. Ракишева «Менің үйім. Менің тағдырым. Менің Қазақстаным» атты ҚР Тәуелсіздік күніне арналған патриот күнін өткізді.
Кітапханашы Т.Ракишева мерекемен құттықтап, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы, 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғалары туралы әңгімеледі.
Кітапханашының әңгімесі тақырыптық өлеңдер, фото және бейнематериалдармен сүйемелденді.
Қатысушылар “Бұл – Отаным менің, “Қазақстан жасампаз болу жолында” және “Қазақстанның атақты адамдары” атты ойындарға қатысты.
Шара соңында ҚР әнұраны орындалып, бейнеролик көрсетілді.