«Навигаторы детства»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері №9 балабақша-гимназиясының қызметкерлерінің қатысуымен «Навигаторы детства» тақырыбында мамандар күні шарасын өткізді. Шара барысында тәрбиешілердің назарына «Әдістемелік әдебиет – тәрбиешілерге көмек» атты кітап көрмемен таныстырып, әртүрлі серияда шыққан балаларға, тәрбиешілерге арналған кітаптар, журналдар, оқу-әдістемелік нұсқаулықтарға шолу жасалды. Сондай-ақ, кітапхана библиографы мектеп жасына дейінгі балаларды кітап оқуға тарту әдістері мен формалары туралы баяндап, өзара тығыз қарым-қатынас орнатуға шақырды.