«Дауысты кітап» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері №16 балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Қазақ халық ертегілері» тақырыбында дауыстап оқу шарасын өткізді.
Кітапханада «Ертегілер елінде» атты түрлі-түсті кітап көрме ұйымдастырылды. Кітап көрмеге түрлі серияларда шыққан қазақ ертегілері ұсынылды. Шара барысында «Екі қаз бен бір бақа», «Жолбарыс пен қоян», «Құмырсқаның қанағаты», «Бақыт құсы» атты ертегілері оқылды. Бүлдіршіндер ертегілерден алған әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ олар көрмеге қойылған көздің жауын алар түрлі-түсті кітаптарды алып парақтап қызықтады.