Балалар оқу орталығының қызметкерлері Отбасы күніне орай №26 гимназия-мектебінің 4 «г» сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасым – Отаным» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушылардың отбасы жайындағы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Оқушылар ортаға шеңбер құрып тұрып, әр бала өзінің отбасы жайлы жылы лебіздерін білдірді. Іс-шараға арнайы «Отбасы – бақыт мекені» атты кітап көрме ұйымдастырылды.