«Тіл – татулық тірегі»

Орталық қалалық кітапханасының балалар оқу орталығында №6 лицей-мектебінің 4 «а» сынып оқушыларының қатысуымен 5 қыркүйек – Тілдер күніне орай «Тіл – татулық тірегі» атты сайыс болып өтті.
Оқушылар екі топқа бөлініп, ана тіліндегі білім деңгейлерін көрсетті.
Сайыс өте тартымды, түрлі тапсырмаларға толы болды. Атап айтсақ, мәнерлеп оқу, тіл туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту, сұрақ-жауап және т.б. Сайыс соңында достық жеңіске жетіп, қатысушыларға сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар, оқушылар іс-шараға арнайы ұйымдастырылған «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты кітап көрмені тамашалады.

Updated: Қыркүйек 4, 2024 — 5:44 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған