«Ертегі кейіпкерлерінің ізімен»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері балалардың кітапқа деген құштарлығын арттыру мақсатында «Ертегі кейіпкерлерінің ізімен» атты мультисаяхат шарасын өткізді. Бұл шараға №35 ЖОМ жазғы лагерінің балалары қатысты.
Шара барасында балалар екі топқа бөлініп, бақтарын сынады. Балаларға ең танымал ертегілері туралы түрлі сұрақтар қойылып, қызықты тапсырмалар берілді. Балалар ең қиын сұрақтарға еш мүдірместен жауап беріп, белсенділік танытты. Балаларды зеріктіріп алмас үшін тапсырмалар арасында «Аленушка мен Иванушка» және «Теремок» мультфильмі көрсетілді. Мультфильмді тамашалап болған соң, тағы бір тапсырманың кезегі келді. Демек, бұл тапсырмада балалар өздерін қуыршақ театрының актері ретінде актерлік шеберліктерін сынап көрді. Шара соңында балалар тақырыпқа сай әзірленген кітап көрмені тамашалады.

Updated: Шілде 12, 2023 — 5:00 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған