«Про того, кто научил Винни-Пуха говорить по-русски»
Орталық балалар кітапханасында №13 ЖОМ бен №7 мектеп-гимназиясы оқушыларының қатысуымен «Про того, кто научил Винни-Пуха говорить по-русски» тақырыбында библиография күні болып өтті.
Библиограф С.Тұрсынханова жазушының өмірбаяны мен шығармашылық жолын, сондай-ақ оның өмірінен қызықты деректер келтіре отырып баяндап берді. Іс-шара «По страницам книг Бориса Заходера» буктрейлерін тамашалаумен жалғасты. Балалар сұрақтарға жауап беріп, әсем әуендердің үзінділері бойынша мультфильмдердің атын тауып, қаламгер өлеңдерінің ұйқасын келтіріп, түрлі қызықты тапсырмалар орындады. Шара соңында балалар «Винни Пух идет в гости» мультфильмін тамашалап, «Винни Пух в гостях у сказки» атты кітап көрмемен танысты.