Елімізде ҚР-ның Ұлттық академиялық кітапханасында 2007 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан «Бір ел – бір кітап» акциясы барысында Орталық балалар кітапханасында «Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы романтикалық сарын» атты тарихи сағаты өтті.
Іс шараға №25 қазақ қыздар гимназиясының 9 «б» сынып оқушылары қатысты.
Кітапхана қызметкерлері шара барысында оқырмандарға акцияның мақсаты мен өткізу тарихы туралы қысқаша баяндап берді. ОБК-ның библиографы Касенова Е.А., «Аңыздың ақыры» романы туралы қысқаша мазмұның айтып, оқырмандардын қызығушылығын артырды. Тарихи сағаттан алған әсерлері ерекше болды.
Шара соңында «Кемел елдің қаламгері» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.