18 сәуір күні Орталық қалалық кітапхана балалар бөлімінде эрудит-тайм өтті. Халықаралық Жер күніне орай ұйымдастырылған шараға № 6 мектеп-лицейінің 5″А” сынып оқушылары шақырылды.
Шара барысында кітапхана қызыметкерлері жалпы табиғатты қорғау, Павлодар өңірі мен Ертіс жайлы мәліметтер берді.
Оқырмандар флора мен фауна туралы жұмбақтар шешіп, ойын, сергіту сәтімен, сайыс пен викторинамен ұласты. Гүлдер мен тіл туралы аңыз айтылды.
Шара соңында “Сәлем табиғат!” атты мультфильмі көрсетілді.