«Павлодар облысының қасиетті жерлері»
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Орталық балалар кітапхана қабырғасында «Павлодар облысының қасиетті жерлері» атты квест-ойын болып өтті.
Павлодар облысының тарихи мәні бар киелі орындарымен таныстыру, оқушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеу, туған өлкенің тарихына, археологиясына, этнографиясына қызығушылығын ояту, өлкетану әдебиетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №2 ЖОМ –нің 7 –сынып оқушылары, ұстаздар қатысты.
Жүргізуші Павлодар облысының көрнекті орындары, сондай-ақ тарихи киелі жерлері жайында толықтай мәлімет беріп, таныстырып өтті.
Ойын 25 сұрақтан тұрды. Ойын барысында балалар ежелгі және орта ғасырлардағы діни маңызы бар нысандар туралы сұрақтарға жауап берді.
Көрнекілік құрал ретінде «Павлодар облысының әдеби портреті» атты кітап көрме ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды. Кітап көрмеге 29 кітап қойылды.
Іс-шара өте тартымды да қызықты өтті. Оқушылар Павлодар өңірінің қасиетті жерлері жайында білімдерін толықтырып қайтты. Іс-шара соңында қатысушылармен естелік суретке түсті.